Украинадағы соғыс туралы сұхбат берген депутат "Ақ жол" партиясы құрамынан шығарылды

Оның депутаттық мандаты да тоқтатылуы мүмкін.  

Украинадағы соғыс туралы сұхбат берген депутат "Ақ жол" партиясы құрамынан шығарылды Фото: zakon.kz

Бұл туралы "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Астанада демократиялық партия Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты  А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

"Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері партияның позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұрғанына баса назар аударды.

Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, "Ақ жол" партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды", – деп жазылған хабарламада.

Ұлттық кеңес шешімі бойынша:

  1.  А.Әбілдаевты "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылданды.
  2. Осыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы "Ақ жол" партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу