Украинадағы соғысқа байланысты бес миллионнан астам бала оқуын тоқтатты - ЮНИСЕФ

425

Халықаралық білім беру күнінде ЮНИСЕФ тағы да дабыл қағуда. Украинадағы соғысқа байланысты бес миллионнан астам бала оқуын тоқтатты. 

Украинадағы соғысқа байланысты бес миллионнан астам бала оқуын тоқтатты - ЮНИСЕФ Фото: azattyq-ruhy.kz

Бала қауіпсіздігін ойлаған ата-аналар балаларды мектепке жібергілері келмейді, ал электр қуаты жиі үзілетіндіктен онлайн оқу мүмкін емес, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Украинадан тыс жерлерде де жағдай қиын. Үш босқын баланың екеуі барған жерінде білім алмайды.

"Бүкіл ұрпақтың болашағына қауіп төндірмейік, балалардың білімін басқа мәселелерді шешкенше кейінге қалдырып, сосын оған қайта оралу мүмкін емес", - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Афшан Хан.

Украинада мыңдаған оқу орындары қирады немесе бүлінді. ЮНИСЕФ азаматтық нысандарға, соның ішінде балалар мен отбасылардың өмірі тәуелді энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды тоқтатуға шақырды.

ЮНИСЕФ босқындарды қабылдайтын елдерден украиндық балаларды барлық деңгейдегі ұлттық білім беру жүйелеріне қабылдауға басымдық беруді сұрайды. Ұйым Халықаралық қауымдастықтан Украинада да, босқындарды қабылдайтын мемлекеттерде де балаларды оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету тұрғысынан қолдауды күшейтуді талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу