Украинадан 76 отандасымыз оралды

658

"Киев – Алматы – Киев" бағытында чартерлік рейс ұйымдастырылды.

Украинадан 76 отандасымыз оралды

Коронавирустық инфекцияның жылдам тарауына байланысты біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Елшіліктің дипломаттары ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, "Киев – Алматы – Киев" бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды",– дей келе ҚР СІМ Украинадағы еліміздің дипломаттарына азаматтарымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, қойылған міндеттерді адал орындағанына алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу