Украинадан әлемдік нарыққа миллион тоннадан астам астық пен өзге де өнімдер экспортталды

583

БҰҰ Украинадан тонналап астықты экспорттауға мүмкіндік берген Қара теңіз келісімінің аралық нәтижелерін қорытындылады, деп жазды inbusiness.kz.

Украинадан әлемдік нарыққа миллион тоннадан астам астық пен өзге де өнімдер экспортталды

"Бұл млн тонна тек бастамасы ғана... Осы бағыт бойынша жіберілетін әрбір жүк нарықтарды тұрақтандыруға, азық-түлік жеткізілімдерін арттыруға және ауылшаруашылық өндірісін сақтауға көмектеседі", - деді БҰҰ-ның Біріккен орталықтағы үйлестірушісі Әмір Махмұд Абдулла.

Украинаның астық қоймалары бұрынғы егіннен жиналған млн-даған тонна өнімдерге әлі толып жатқаны атап өтілді.  

Бұл жаңа дақылға орын босатуға көмектеседі. Қазіргі уақытта 82 елдегі 345 млн адам азық-түлік қауіпсіздігінің жетіспеушілігіне тап болған. 45 елде 50 млн-ға жуық адам ашаршылық алдында тұр және гуманитарлық көмексіз қалу қаупі бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу