Украинадан бас сауғалағандар саны 4,5 миллионнан асты

928

Басым бөлігі Польшаға қоныс аударды.

Украинадан бас сауғалағандар саны 4,5 миллионнан асты

24 ақпаннан бері Украинадан бас сауғалап қашқандар саны 4,5 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат басқармасының дерегіне сілтеме жасап. 

Оның 2,5 миллионнан астамы Польшаға өтіп кеткен.

"Қақтығыс басталғалы Украинадан төрт миллионнан астам босқын көрші елдердің шекарасынан өтіп кеткен. Сондай-ақ ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болғандар көп. Олардың барлығы көмек пен қолдауға мұқтаж", – деп жазылған БҰҰ мәлімдемесінде.

9 сәуірдегі жағдай бойынша босқындардың ең көп саны – шамамен 2,6 миллион адам – Польша шекарасын кесіп өтті. Румынияға 686 мың, Венгрияға 419 мың адам баоған. Босқындар Молдоваға (410 мың), Ресейге (404 мың) және Словакияға (314 мың) да кеткен. 7 сәуірде Беларусь еліне 19 мың адам кірген. 21-23 ақпан аралығында Донецк пен Луганск облыстарынан Ресейге 113 мың адам кеткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, басқа елдерге қоныс аударған украиналықтар да көп. Германия, Франция, Италия, Чехия және ЕО-ның басқа елдері, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания және Австралия елдері де украиналық босқындарды қабылдап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу