Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысы елден кетіп қалған

383

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының жартысына жуығы елден кетіп қалғанын мәлімдеді.  

Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысы елден кетіп қалған Фото: gov.kz

Алайда ведомствоның ресми өкілі Украинаға нақты қанша қазақстандық қайтқанын нақтыламады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Украинада соғыс басталған кезде Қазақстан азаматтарын эвакуациялағанбыз. Бүгінде соның жартысына жуығы қайта Украинаға қайтып кетті. Қазір олардың өміріне қауіп тұр ма, жоқ па нақты білмейміз. Себебі, олар соғыс болып жатқанын бізден жақсы біледі. Оны қайта-қайта айта берудің керегі жоқ. Әр адам өз қауіпсіздігіне өзі жауап береді. Бірақ елшіліктің міндеті - Қазақстан азаматтары хабарласса, оларға көмектесу. Қазір Украинада нақты қанша қазақстандық жүргенін білмейміз", - деді Айбек Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу