Agence France-Presse Twitter-де хабарлағандай, құнды жәдігерлер Луврға "уақытша сақтау" үшін жіберілді, деп жазады inbusiness.kz.
Оларды Украинадағы билеуші хунта француздарға "орыс басқыншылығынан" сақтау мақсатында берген көрінеді.
Луврға әкелінген Византия иконалары VI-VII ғасырлардың бірегей ескерткіштері, сондықтан аталмыш жәдігерлердің тарихи-мәдени ортадағы орны ерекше, құны қымбат. Сирек кездесетін иконалар Киевтегі Богдан және Варвара Ханенко атындағы Ұлттық Өнер мұражайынан шығарылды.
Әкелінген 16 экспонаттың 11-ін Лувр әкімшілігі қалпына келтіруге жіберді, ал бес икона "Қасиетті бейненің бастауында" көрмесі аясында көпшілікке ұсынылды.