Бүгін түнде Украинадан елге эвакуацияланған қазақстандықтардың үшінші легі оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Хабар 24" дерегінше, олар Польшаның Катовице қаласынан ұшып келген.
СІМ мәліметінше, ұшақта 133 адам болды, оның екеуі бала.
Сондай-ақ осы рейспен Қырғызстанның екі азаматы да ұшып келген.
"Ұшу сәтті өтті. Қазақстан бізге көп көмектесті. Ол жаққа қонаққа барып, осындай жағдайға тап болдым", - деді жолаушылардың бірі.
Айта кетейік, эвакуациялық рейстің бірінші легі 28 ақпанда, екіншісі 1 наурызда Қазақстанға келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу