Порошенко: Украинадан кетуге Зеленский тыйым салды

986

Экс-президент украиналықтарды антиресейлік шепті нығайту үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Порошенко: Украинадан кетуге Зеленский тыйым салды

Украинаның бұрынғы басшысы Петр Порошенко оның елден кетуіне қазіргі Президент Владимир Зеленский тыйым салды деп мәлімдеді, деп хабарлайлы inbusiness.kz оның Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.

"Зеленский маған Украинадан кетуге шектеу қойды. Салдарынан барлық халықаралық кездесулерім жүзеге аспайтын болды. Бұл тыйым соғыс кезінде биліктің оппозицияны саяси қудалауы іспеттес", – деді экс-президент.

Порошенконың айтуынша, Зеленский "жалпыеуропалық әскери алаңдаушылық жағдайында" онымен емес, Ресеймен күрес жүргізуі тиіс. Ол украиналықтарды халықаралық коалиция мен ішкі антиресейлік шепті нығайту үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ескере кететін жайт, Батыс елдерінің БАҚ пен билігі Ресей Украинаға "басып кіруге" дайындалып жатқанын бірнеше рет хабарлады. АҚШ пен Германия билігі Ресей Украинамен арадағы шекарасына 100 мыңнан астам әскериін орналастырды дәп мәлімдеді. Ақ үйдің ойынша, шабуыл кез-келген уақытта басталуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу