Украинадан тауық етін импорттауға тыйым салынды

1340

Украинаның Винница облысында құс тұмауы тіркелді.

Украинадан тауық етін импорттауға тыйым салынды

Еліміздің ауыл шаруашылығына жауапты ведомствосы құс тұмауына байланысты Украинаның Винница облысынан құс және құс өнімдерін алып келуге тыйым салынғанын хабарлады.

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті уақытша шектеуді 2020 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық Эпизоотиялық бюросының Украинаның Винница облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусын тіркеуінің негізінде енгізді",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Украина Республикасының Винницк облысы аумағы арқылы жылулық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°С) тірі құстың, инкубациялық жұмыртқаның, мамықтың және қауырсынның, құс етінің және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің транзитіне уақытша шектеу қойылған. Сонымен қатар, құстарды күтіп-ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған бұрын қолданыста болған жабдықтарды пайдалануға тыйым салынды.

Айта кетсек, Ресей мен Беларусь елдері де  құс тұмауының шығуына байланысты уақытша шектеулер енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу