Украинаға АҚШ-тан қару-жарақ жеткізуде қиындықтар туындады

457

Украинаға алдағы уақытта қару-жарақ тасымалдау қиынға түспек.

Украинаға АҚШ-тан қару-жарақ жеткізуде қиындықтар туындады

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс секторы ауыр жағдайда, сондықтан Украинаға қару-жарақ жеткізу қиындай түседі.

АҚШ әскери барлау офицері Джозеф Донато the National Interest американдық басылымына арналған мақаласында осындай пікір білдірді.

"Американдық қорғаныс өнеркәсіптік базасы Украинаға қару-жарақ жеткізуде қиындықтарға тап болды, ал маңызды оқ-дәрілердің қоры азайып келеді. Қазіргі соғыс жағдайын ескерсек, АҚШ пен оның одақтастары Украинаны қыста қарумен әрең қамтамасыз етеді", – делінген материалда.

Сарапшы мұндай жағдайдың басты себебі Америкадағы он жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан индустриясыздандыру процесі деп есептейді. Соның нәтижесінде әскери өндіріс көлемі айтарлықтай қысқарды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуде де күрделі мәселелер бар.

Осыған сүйене отырып, Донато Вашингтон "Украина Ресей талаптарына мойынсыну" арқылы Зеленский үкіметін бейбітшілікке келісуге мәжбүр етуі керек деп санайды.

Әскери барлау офицері қарулы қақтығысты осылайша тоқтату Американың Еуропадағы беделіне нұқсан келтірмейтініне, керісінше, "әлемге АҚШ-тың стратегиялық басымдықтарын еске түсіретініне" сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу