Украина Еуроодаққа кіру үшін, одақтың 5 шартын орындауы тиіс.
Алайда атқарылатын жұмыс әлі көп. Еврокомиссар Оливер Вархейи осылай мәлімдеді. Брюссельдің пікірінше, Украинаның одаққа кіруі талқылана бастағалы, ол 7 шарттың тек екеуін ғана орындаған. Ал қалғаны жемқорлықты жою, қаржының жылыстауына тосқауыл қою, сондай-ақ, аз топтардың құқығын қорғап, байлардың билігін азайту сынды шарттар. Талаптардың орындалуын дәлелдеу үшін, Киев жемқорларға тағылған айыптар мен сот үкімдерінің тізімін ұсынуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу