Украинаға көмектесемін деп, Ұлыбританияның зымыран қоры таусылды

668

Ұлыбритания Украинаға үздіксіз қару-жарақ жеткізу нәтижесінде таусылған зымыран қорларын толықтыруды бастау туралы келісімге қол қойды.  

Украинаға көмектесемін деп, Ұлыбританияның зымыран қоры таусылды Фото: Valentyn Ogirenko/Reuters

Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Бен Уоллес парламенттік комитетте сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, NLAW танкке қарсы 500 зымыран кешені келесі жылы зымыран жасаушы Thales UK компаниясынан жеткізіледі.

"Келесі жылы Ұлыбритания мен басқа да тапсырыс берушілер үшін осы қарудың мыңдаған бірлігін жеткізу туралы тағы бір келісімге қол қойылады", — деп хабарлайды Уоллестің сөзін Defence News.

Уоллес сонымен қатар қорғаныс шығындарын 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің 3%-на дейін арттыру қажеттілігі туралы хабарлады.

Бұған дейін, 28 қазанда Ұлыбритания Украинаға танкке қарсы NLAW зымыран кешендерінің жалпы санының жартысына жуығын бере алады деп хабарланған болатын. Қорғаныс министрлігі Киевке Батыс мемлекеттерінен барлығы 10 мыңға жуық танкке қарсы зымыран, соның ішінде NLAW, Javelin мен Brimstone жіберілгенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу