Украинаға көмектесуге қарсы сенатор АҚШ сайлауында жеңіске жетті

590

Аралық сайлауда республикашылдар алда келеді.

Украинаға көмектесуге қарсы сенатор АҚШ сайлауында жеңіске жетті Фото: eadaily.com

Украинаға қаражат бөлу туралы дауыс беруге тосқауыл қоюмен танылған америкалық сенатор Рэнд Пол Кентукки штатындағы АҚШ Конгресінің Сенатына аралық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Washington Post газетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін республикашыл сенатор Украинаға жедел түрде 40 миллиард долларға жуық көмек пакетін мақұлдауға қарсы болған. Сенатор Вашингтон әкімшілігін Украинаға әскери көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы бас инспектор аппаратын құруға міндеттейтін тармақты заң жобасына енгізуді талап етті. Пол Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау туралы қарарға дауыс беруден де бас тартты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу