Украинаға жасалған ядролық соққы НАТО-ға шабуылмен тең – АҚШ

903

Мұндай шешімді Америка Құрама Штаттарының Сенаты қабылдады. 

Украинаға жасалған ядролық соққы НАТО-ға шабуылмен тең – АҚШ Фото: Риа Новости

АҚШ Ресей немесе Беларусь тарапынан Украинаға қарсы ядролық қарудың кез келгенін қолдану НАТО-ға қауіп төндіреді және, тіпті, Альянс елдеріне шабуылмен тең деп бағалады. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Тиісті қарардың жобасын бір күн бұрын Вашингтонда екі ірі партияның аға сенаторлары – республикалық Линдси Грэм және демократ Ричард Блументаль ұсынды.

"Ресейдің ядролық қаруды қолдану қаупі нақты. Бұл қауіпті болдырмаудың ең дұрыс тәсілі — Путинге оның қандай салдары болатынын нақты ескерту", - деді Линдси Грэм.

Алайда, бұл қарар ұсыныс түрінде қалып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу