Украиналық астық тиелген кеме Босфор бұғазы арқылы өтті

778

3000 тонна астық тиелген "Resilient Africa" жүк кемесі Израильге бет алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Украиналық астық тиелген кеме Босфор бұғазы арқылы өтті Фото: bloomberg.com
>Осылайша, "Resilient Africa" уақытша гуманитарлық дәліз арқылы Қара теңізге кіріп-шыға алатын Украинадан астық тиеген алғашқы жүк кемесі болды.
 
"Бұл өткен аптада Украина Әскери-теңіз флоты азаматтық кемелер үшін белгілеген уақытша дәліз бойынша Черноморск портына кірген екі кеменің біріншісі. Екінші кеме Мысырға украин бидайын тиеп жатқан портта", - деді Украинаның инфрақұрылымды дамыту министрі Александр Кубраков.
 
Оның айтуынша, кемелер Либерия мен Палау туының астында, ал олардың экипаж құрамында Түркия, Әзірбайжан, Мысыр және Украина азаматтары бар.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу