Украиналық әуе компаниясы Астанаға тікелей рейстерін уақытша тоқтатты

682

Жолаушылар Астана мен Киев арасында желтоқсанның 3-іне дейін тікелей ұша алады. Бұдан кейін Киевтен Астанаға ұшатын тікелей рейстер болмайды.

Украиналық әуе компаниясы Астанаға тікелей рейстерін уақытша тоқтатты

"Украина халықаралық әуе жолы" компаниясы 2018-2019 жылдарға арналған қысқы ұшу кестесін өзгертіп, Киев-Астана тікелей рейсін тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтемемен aktobenews.kz хабарлайды.

Компания сайтында жарияланған мәлімдемеде "биыл әуе жанармайы былтырғыдан 40,3 пайызға қымбат. Қысқы уақытта Еуропа мен Украинадан тікелей Астанаға ұшатын жолаушылар саны азаяды. Мұның бәрі – шығын. Осыған байланысты компания Астана мен Киев арасындағы рейстерді өзге әріптес компаниялармен бірге жасауды жоспарлап отыр. Тікелей рейстер 2019 жылдың сәуірінде қайта ашылады",- деп жазылған.

"Украина халықаралық әуе жолы" компаниясы 1992 жылы құрылған. Компанияның таяу-қиыр қашыққа қатынайтын 45 ұшағы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу