Украиналық дрон Ресейдің Брянск облысындағы мұнай базасына шабуыл жасады - өңір басшысы

1123

Мұнай өнімдерін сақтауға арналған цистерна ішінара бүлінген. 

Украиналық дрон Ресейдің Брянск облысындағы мұнай базасына шабуыл жасады - өңір басшысы Фото: yandex.kz

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз бейсенбіде украиналықтар мұнай базасын дронмен шабуылдағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Украиналық дрон "Брянскнефтепродукт" АҚ Клинцов мұнай базасына шабуыл жасады", - деп жазды аймақ басшысы өзінің Telegram-арнасында. 

Оның айтуынша, зардап шеккендер жоқ. "Көктен түскен оқ-дәрілерден бетонды қалып  пен мұнай өнімдерін сақтауға арналған цистерна ішінара бүлінген", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ ол жергілікті жерде жедел қызметтер жұмыс істейтінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу