Украиналық лоукостер Қазақстанға ұшуға рұқсат алды

857

Екі ел арасында тұрақты рейстер саны артпақ.

Украиналық лоукостер Қазақстанға ұшуға рұқсат алды

Украинаның мемлекеттік авиация қызметінің комиссиясы 27 желтоқсан күні өткен отырысында украиналық SkyUp әуе компаниясының Киев қаласынан Алматыға аптасына үш ретке дейін тұрақты рейс жасауына берген өтінімін мақұлдады. Бұл туралы Украиналық бюджеттік әуе компанияның баспасөз қызметіне сүйене отырып avianews.com хабарлады.

27 қазанға дейін бұл бағыттағы рейстерге "Украина халықаралық әуе жолдары" ("МАУ") әуе компаниясы қызмет көрсеткен еді. Алайда Украина мен Ресей арасындағы кикілжіңге байланысты, 2015 жылы Ресей мен Украина бір-біріне әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салып, Украиналық ұшақтар Ресей аумағын айналып ұшуына тура келді. Сол себепті, Украиналық әуе компаниясының шығыны артып, Қазақстанға ұшатын рейстерін жауып тастаған еді.

Қазір Украина мен Қазақстан арасындағы тікелей рейстерді Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Киевке Ресей аумағы арқылы қысқа маршрутпен қатынайтын Air Astana ғана жүзеге асырады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу