Украиналық саясаткер Ирина Фарион қастандықтан кейін ауруханада көз жұмды

654

Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды.

Украиналық саясаткер Ирина Фарион қастандықтан кейін ауруханада көз жұмды Фото: news.telegraf.com.ua

Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионға Львовта, 19 шілде күні кешке Масарика көшесіндегі үйінің жанында шабуыл жасалды. Белгісіз қылмыскер оның басына оқ жаудырған. Ауыр жағдайда, бастағы оқ жарақатымен Фарион ауруханаға жатқызылды. Операциядан кейін ол терең ми комасында болып, көп ұзамай қайтыс болды.

"Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Ирина Фарионды құтқару мүмкін болмады", - деді Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу