Украиналық ұшақтың бортында болған 176 адамның барлығы қаза тапты. Оның 167-сі жолаушы, 9-ы экипаж мүшесі. Бұл туралы CNN хабарлады.
Ұшақ Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайынан әуеге көтеріліп, қала жанындағы Паранд және Шахриар елдімекендерінде жерге құлаған. Boeing 737-800 деп аталатын лайнер бортында 176 жолаушы болған.
Mash Telegram-каналы ұшақтың апатқа ұшыраған сәтінің видеосын жариялады.
Ресми дерекке сүйенсек, әуе кемесінің апатқа ұшырауына техникалық ақау себеп болған. Қазір жергілікті билік осы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ұшақ Тегераннан Киевке рейс жасамақшы болған және оның ұшу уақыты бір сағатқа шегерілген, деп хабарлайды Al Jazeera агенттігі.
Табиғат Нұрболат