Украиналықтар жаппай электромобильге мініп жатыр

1067

Биыл ТМД мемлекеттері арасында электромобильдер сатылымы бойынша Украина рекорд орнатты.

Украиналықтар жаппай электромобильге мініп жатыр

Электр қуатымен жүретін көліктерді тіркеу кезінде кедендік алым мен қосылған құн салығынан (НДС) босату керемет әсерін берді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері Украинада тіркелген электромобильдер саны 4700-ден асты. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 1,5 есеге артық.

Елге кіргізіліп жатқан электрокарлардың 90 %-ы екінші нарықтан. Өткен буындағы Nissan Leaf моделі "қаптап" кетті. Жапония, АҚШ және Ұлыбританияда шығарылатын машинаның 2207 данасы Украинаға жеткізілді.

Айта кетейік, Қазақстанда Nissan Leaf-тің 80 данасы ғана тіркелген.

2019 жылы Украинада тіркелген электромобильдер ондығы:

Nissan Leaf – 2207

Tesla Model S – 384

BMW i3 – 243

FIAT 500е – 207

Volkswagen E-Golf – 198

Renault Zoe – 186

Mercedes-Benz B-Class Electric Drive – 155

Tesla Model X – 136

Chevrolet Bolt – 126

Jaguar I-Pace – 102

Коммерциялық сегментте Renault Kangoo Z.E. көш бастады - қаңтардан бері 323 авто тіркелген.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу