"Украинаны НАТО-ға қабылдаудың нақты қадамдарын бекіту керек" – Макрон

547

Франция Президенті Эммануэль Макрон шілде айында Вильнюсте өтетін саммитте Укрананың НАТО-ға қосылуының нақты қадамдарын бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Atameken business. 

"Украинаны НАТО-ға қабылдаудың нақты қадамдарын бекіту керек" – Макрон Фото: yandex.kz

Бұл туралы ол альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергді Парижде қабылдаған кезде мәлімдеді.

Аталған кездесу Елисей сарайының Twitter-дегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілген. Бұған дейін француздық Monde басылымы Эммануэль Макрон Укрананың Солтүстік атлант альянсына қосылуын қолдайды деген мақала жариялаған еді. Ол "Біз сонау 2008 жылы Бухаресте бастаған дисскуссиямызды биыл Вильнюсте аяқтауымыз керек" деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу