Украинаны жақтырмайтын Венгрия 1 шілдеден бастап Еуропалық кеңесті басқарады

188

Бүгіннен бастап Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан өз төрағалық қызметін бастайды.

Украинаны жақтырмайтын Венгрия 1 шілдеден бастап Еуропалық кеңесті басқарады Фото: Фото: Christian Lue / Unsplash

1 шілдеде Еуропалық кеңестің төрағалығы ЕО-ның жоғары саяси органы – Венгрияға өтеді. Аталмыш ел көптеген еуропалық мәселелер бойынша өз көзқарасына ие және Еуропалық Одақпен жиі дауласады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың соңында Будапешт Киевке тағы бір көмек траншын, сондай-ақ Украина мен Молдова одағына үміткер мәртебесін беруді бұғаттауға тырысты. Брюссель Венгрия билігінің ішкі саясатына наразы: екі жыл бұрын ЕО тіпті Венгрияны заңның үстемдігі мен елдегі азшылықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты € 30 млрд шамасында  (2024 жылдың наурызында бұл қаражат берілді) қаржы бөлуді уақытша тоқтатты. Осыған байланысты ЕО-ның кейбір елдерінің өкілдері Венгрияны дауыс беру құқығынан айыруға және оған Еуропалық кеңестің төрағалығын бермеуге шақырды, бірақ онысынан ештең шықпады, сөйтіп дүйсенбіде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан өз төрағалық қызметін бастайтын болды.

Будапешт өзінің ЕО төрағалығының символы ретінде 1974 жылы венгр Эрне Рубик ойлап тапқан кубик-рубикті таңдады: оның 27 бөлшегі ЕО-ға мүше мемлекеттерді, сондай-ақ жалпы еуропалық мәселелерді шешуге қажетті күрделілік пен тапқырлықты бейнелейді.

Еуропалық кеңестің төрағалығы ЕО-ға мүше бір мемлекеттен екінші мемлекетке әр алты ай сайын ауысады: одақтың 27 елінің әрқайсысы оны 13-14 жылда бір рет алады. 2024 жылдың бірінші жартысында Бельгия төрағалық етті. 2025 жылы Венгрияны Польша алмастырады, содан кейін төрағалық Данияға өтеді.

Будапешт өзінің бағдарламасын 18 шілдеде төрағалық ету кезеңіне ұсынды. Оның ұраны — "Еуропаны қайтадан ұлы етейік" - 2016 жылғы науқан кезінде АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың ұранын қайталайды.

Венгрия өзінің төрағалығының келесі басымдықтарын атап өтті – ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту, көші-қонды басқару және ЕО-ның кеңеюін қолдау. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу