Украинаны жаудан азат еткен азаматтарға құрмет көрсетті

1342

Украинаны жаудан азат еткен азаматтарға құрмет көрсетті

Астанадағы Украина елшілігінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.

"Соғыс десе, қан майданға аттанып, оралмаған азаматтар, көз жасын жуған ана, жақынын жоғалтқан жандар көз алдымызға келеді. Талай боздақтарымыз көз жұмды. Иә, соғыстың сойқанын көзімен көрген азаматтардың да қатары жыл сайын сиреп барады. Осы орайда Украина елшілігі жақсы дәстүрді жаңғыртып, Ұлы отан соғысының ардагерлерін марапаттап, кеуделеріне орден тақты. Кешке 25 ардагер шақырылған. Оның 4-і ғана қатысты. Олар Құрмантай Айтжанов, Рзагүл Байкешев, Олег Ленник, Мария Полтороцька. Қалғандары денсаулықтарына байланысты келе алмаған. Ол қарияларға ұйымдастырушылар арнайы барып құттықтап, ордендерін табыс етеді, − деді Украинаның Қазақстандағы елшісі Володимир Джиджора. – Украинаны жаудан азат еткен ардагерлердің құрметіне марапаттау рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Мен әлемде ешқандай соғыс болмасын деп тілеймін. Сіздердің елбасыларыңыз айтқандай, бірлік бар жерде тірлік бар. Еліміздің өсіп өркендеуінде, экономикамыздың дамуында ынтымақтастықтың алар орны ерекше. Елімізде бейбіт тіршілік орнай берсін, жеңіс күні құтты болсын!" 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу