Украинаның 8 облысында әуе дабылы қағылды

549

Ресей әуе-ғарыш күштері энергетика мен әскери нысандарды атқылап жатыр.

Украинаның 8 облысында әуе дабылы қағылды Фото: rivnepost.rv.ua

Дәл қазіргі Украинаның 8 облысында, соның ішінде Киевте әуе дабылы қағылды. Ақпарат "Цифрлық трансформация министрлігінің" онлайн-картасының деректерінен алынды, деп жазады Inbusiness.kz cайты.

Киев, Кировоград, Николаев, Харьков, Днепропетровск, Сумы, Полтава және Чернигов облыстарында әуе дабылы жарияланды.

Ресейдің ӘҒК бүкіл ел бойынша энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару мен байланыс нысандарын атқылап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу