Бас прокурор Қайрат Қожамжаров және Украинаның әділет министрі Павло Петренко қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы шарттарға қол қойды, деп хабарлайды prokuror.gov.kz.
Салтанат бүгін Астана қаласында бас прокуратураның ғимаратында өткізілді.
Аталған шарттар екі елдің құқық қорғау органдарына олардың әрқайсысының аумағында қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттер жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамдарды экстрадициялауға мүмкіндік береді.
Осындай келісімдерді жасау қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдар және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында тиімді ынтымақтастық жасау үшін қажетті құқықтық қор құратыны байқалды.
Кездесу барысында шетелдік әріптестер бас прокуратураның құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен, сондай-ақ ведомствоның іске асыратын қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді цифландыру бойынша жобаларымен таныстырылды.
Сонымен бірге министрге халықаралық ынтымақтастық саласындағы қадағалау органының қызметі туралы хабар берілді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және сотталғандарды беру саласына қатысты 60-қа жуық екіжақты халықаралық шарт жасасқан.