Украинаның батысын шабуылдаған Ресей әуе күші Польшаны дүрліктірді

267

Ресей Украина батысын қарқынды шабуылдай бастады, Львовта тұрғын үйлер жанып жатыр, Польша соңғы сегіз күнде осымен үшінші рет ұшақтарын көкке көтерді.

Украинаның батысын шабуылдаған Ресей әуе күші Польшаны дүрліктірді Фото: U.S. Naval Forces Europe-Africa

Поляк пен одақтас әскери ұшақтар Польшаның әуе кеңістігінде Ресей Федерациясының алыс авиациясының объектілерге, атап айтқанда Украинаның батысына соққы беру белсенділігіне байланысты дабыл бойынша көтерілді. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, осыған байланысты елдің оңтүстік-шығысында "шу деңгейінің көтерілгені" байқалуы мүмкін. 

"Польшаның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті рәсімдер іске қосылды, жедел қолбасшылық жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді", - делінген хабарламада. 

Reuters агенттігі хабарлағандай, ұшақтар сегіз күнде үшінші рет әуеге көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу