Украинаның бұрынғы энергетика министрі ұсталды

123

Экс-министр энергетика саласындағы ауқымды "Мидас" ісіне қатысы бар деген күдікке ілігіп отыр.        

Украинаның бұрынғы энергетика министрі ұсталды Фото: gov.ua

Украинаның бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенко ведомстводағы жемқорлық ісі бойынша ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты РБК-Украинаға сілтеме жасап.

Галущенкоға қатысты заң талаптарына мен сот санкциясына сәйкес алғашқы тергеу басталды.

Герман Галущенко 2021 жылдың сәуірінде Украина энергетика министрі қызметіне тағайындалған. Ал 2025 жылдың шілдесінде әділет министрі лауазымына ауысты. Ол кеткеннен кейін Энергетика министрлігін Светлана Гринчук басқарды.

2025 жылдың қарашасында екеуі де "Энергоатом" айналасындағы және кәсіпкер Тимур Миндичке қатысты өрбіген жемқорлық жанжалына байланысты қызметінен босады.

10 қарашада Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы "Энергоатом" мемлекеттік компаниясындағы қылмыстық ұйым әрекетін әшкереледі. Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінгендер "Энергоатом" нысандарын Ресей соққыларынан қорғауға бөлінген қаржыны жылыстатқан болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу