Украинаның Донецк облысында міндетті эвакуациялау басталды

691

29 шілдеде Украинаның министрлер кабинеті Донецк облысынан эвакуацияны ұйымдастырумен айналысатын үйлестіру штабын құрды.

Украинаның Донецк облысында міндетті эвакуациялау басталды

Украинаның Донецк облысында халықты міндетті түрде эвакуациялау басталды. Бұл туралы Украина вице-премьер-министрі, уақытша басып алынған аумақтарды реинтеграциялау мәселелері жөніндегі министр Ирина Верещук жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Донетчинадан міндетті түрде эвакуация басталды. Бірінші пойыз сейсенбі күні таңертең Кропивницкийге келді. Басым бөілігі – әйелдер, балалар, қарттар. Олардың барлығына пана беріліп, көмек көрсетілуде", – деді ол.

Верещук жергілікті қызметтерге, халықаралық ұйымдар мен еріктілерге, сондай-ақ Кировоград облысының басшысы Андрей Райковичке және оның командасына алғыс айтты.

29 шілдеде Украинаның министрлер кабинеті Донецк облысынан эвакуацияны ұйымдастырумен айналысатын үйлестіру штабын құрды. Оның басшысы болып Верещук бекітілді. Штаб құрамында министрліктердің, бірқатар ведомствоның және әскери әкімшіліктердің өкілдері бар.

Украинаның бақылауындағы облыс аудандарының тұрғындарын эвакуациялау күздің ортасына дейін аяқталады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу