Украинаның энергетикалық жүйесі көмекке мұқтаж

550

Украинаның электр станциялары мен электр желілері шетелдің көмегіне мұқтаж. Ресей армиясының стратегиясы - қыс қарсаңында Украинаның энергетикалық нысандарын жою.  

Украинаның энергетикалық жүйесі көмекке мұқтаж Фото: REUTERS

Ресейлік шабуылдардан Украинаның электр жүйесіне келтірілген нұқсанды қалпына келтіру мүмкін болмауы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

"Жарамды жабдықтардың едәуір бөлігі бар, бірақ қажетті деген дүниені Украина мен ЕО арасындағы техникалық стандарттар мен кернеу деңгейлеріндегі айырмашылықтарға байланысты Еуропадан табу қиын", - дейді энергетикалық қауымдастық хатшылығының директоры Артур Лорковски.

Украина электр энергиясын Еуропадан біріктірілген желілер арқылы импорттайды. Бірақ кернеудің әр түрлі деңгейіне байланысты электр энергиясын беру үшін ЕО шекараларында үлкен трансформаторлар қажет. Мұндай үлкен электр трансформаторлары қоймаларда жоқ, оларды өндіріп, Украинаға жеткізу керек. Бұл процесс кем дегенде алты айға созылады.

"Энергетикалық қауымдастық хатшылығы сонымен қатар әлеуетті қаржылық донорларға еуропалық нарықта осындай тауарларды сатып алу процесіне үлес қосуға мүмкіндік беретін қор құрды, осылайша қажетті тауарларды еуропалық компаниялар өндіруіне жол ашады", - деді энергетикалық қауымдастық хатшылығының директоры Артур Лорковски.

Бүгінгі таңда Қор 32 миллион еуроны құрайды. Миллиондаған украиндықтарды электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдардың пікірінше, бұл әлі де жеткіліксіз сома.

Ресей шапқыншылығынан бастап жедел топ Украинаға 35 энергетикалық жабдықты жеткізуді үйлестірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу