Украинаның ЕО-ға кіруі талқыланды

501

Бүкіл ел "ЕО құрамына кіру процесін тездеткісі келеді".

Украинаның ЕО-ға кіруі талқыланды

ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғары өкілі Хосеп Боррел Украинаның Еуропалық Одаққа кіру жоспарларын қолдай отырып, Брюссельде Киев кандидат елдердің барлық шарттарын алдын-ала орындау қажеттілігін ұмытпайтынын айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Біз сіздердің биік ұмтылыстарыңызды қолдаймыз. Біз бұрын-соңды болмаған жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Сіз шарттарды орындаған сәттен бастап келіссөздерді бастауға болады. Бірақ бұған дейін Еуропалық комиссия Украинаның дайындығына бағалау жүргізуі керек", – деді Баррель дүйсенбіде Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Украина Премьер-Министрі Денис Шмигальдың мәлімдемесіне жауап ретінде.

Украина үкіметінің басшысы сұрақтарға жауап бере отырып, Украинаның ЕО-мен қауымдастығы туралы келісім 65% орындалғанын және Киевте бұл мәселе жақын арада шешімін табатынына үмітті.

Оның айтуынша, бүкіл ел "ЕО құрамына кіру процесін тездеткісі келеді".

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу