Украинаның Есеп палатасының басшысы сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кетті

668

Ол мемлекеттік бюджеттен тұрғын үй үшін заңсыз өтемақы алды деген күдікке ілінді.

Украинаның Есеп палатасының басшысы сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кетті Фото: www.sud.ua

Украинаның Есеп палатасының басшысы Валерий Пацкан сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

 

"Есеп палатасының басшысы Валерий Пацкан отставкаға кету туралы өтініш жазды. 24 қазанда оған СЖҰБ (Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы) мен МСЖП (Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура) тарапынан халық депутаты болған кезде тұрғын үй үшін заңсыз өтемақы алды деген күдікке ілінді", – деді Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко.

Украиналық медианың бағалауы бойынша, мәселе 117,65 мың гривенді (2022 жылғы 4 қарашадағы бағам бойынша 200 мың рубльден аз) заңсыз алу туралы болып отыр. Пацкан өзі жанжал туралы 24 қазанда хабарлап, өтемақы алған пәтер қазір тұруға жарамсыз екенін және бұл туралы қауесеттерді "мүдделі тұлғалар әдейі таратып жатқанын" атап өтті.

Халықаралық аренада Пацкан Украинаның миллиардтаған долларлық қарызын есептен шығару туралы ұсынысынан кейін есте қалды. Ол өзінің бастамасын Украинадағы халықаралық қаржы ұйымдарын "қарыз саясатын қайта қарауға мәжбүр ететін" келтірілген залалдың ауқымымен түсіндірді.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу