Украинаның Еуроодаққа кіруіне дайындық бірнеше жылға созылуы мүмкін

469

Еурокомиссардың айтуынша, Украинаның ЕО-ға мүшелігі туралы келіссөздердің басталу мерзімін бекітудің өзі әзірге мүмкін емес. 

Украинаның Еуроодаққа кіруіне дайындық бірнеше жылға созылуы мүмкін Фото: Еврокомиссия баспасөз қызметі

Еуропалық комиссия Украинаның Еуропалық одаққа жақын арада кіруі екіталай деп санайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Die Welt неміс газетіне сілтеме жасап.

"ЕО-ның ішкі нарығына, басқа да көптеген маңызды саясат салаларына қатысуға дайындалу үшін қажет ауқымды жұмысты ескерсек, одаққа кіруге дайындық процесі бір-екі жылдан астам уақытты алуы мүмкін", - деді Еуропалық комиссар Оливер Вархейи.

Вархейи осы жылдың маусым айында ЕО-ға мүшелікке үміткер мәртебесін алған Украинаның реформаларды жедел ілгерілетуге деген ұмтылысын атап өтті. Ол мұндай талпынысты оң бағалағанымен, "барлық жеті реформаны дереу жүзеге асыруға болмайтынын" атап өтті. Әзірге, Еурокомиссардың айтуынша, Украинаның ЕО-ға мүшелігі туралы келіссөздердің басталу мерзімін бекіту мүмкін емес.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу