Украинаның халық депутаты гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді

708

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киевте Украинаның халық депутаты, Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Сергей Нагорнякпен кездесті, деп хабарлайды  inbusiness.kz елшілікке сілтеме жасап.

Украинаның халық депутаты гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Украинаның халық депутаты Қазақстанның Үкіметі мен қоғамдық ұйымдар тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Әңгімелесушілер Қазақстан мен Украина арасындағы одан әрі парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу