Украинаның Харьков облысында зымыран атқылауынан 50-ге жуық тұрғын қаза тапты

373

Тағы жеті адам ауыр жараланған.

Украинаның Харьков облысында зымыран атқылауынан 50-ге жуық тұрғын қаза тапты Фото: BBC

Ресей әскерлерінің Украинаның Харьков облысы Купянск ауданындағы Гроза ауылын атқылауы салдарынан кемінде 49 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украинаның бас прокуратурасы мәліметінше, зымыран соққысы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25-те болған. Тағы жеті адам ауыр жараланған. 

Харьков облыстық әскери басқармасының бастығы Олег Синегубов шабуыл жасалған кезде жергілікті дәмханада көптеген бейбіт тұрғындар болғанын атап өтті. 

"Азаматтық нысанға – ауылдық кафе-дүкенге зымыраннан оқ атылды. Шабуыл болған кезде дәмханада тұрғындардың бірін жерлеу рәсімі өтіп жатқан", делінген хабарламада

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу