Украинаның қазіргі билігін құлатуды көздеп отырған жоқпыз – Ресей СІМ

997

Захарова Ресейдің Украинадағы әскери әрекеті жоспарға сәйкес жүріп жатқанын мәлімдеді.

Украинаның қазіргі билігін құлатуды көздеп отырған жоқпыз – Ресей СІМ Фото: ria.ru

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейдің Украинадағы "арнайы әскери операциясы" елдегі қазіргі билікті құлатуға бағытталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusinesss.kz.

Оның айтуынша, Мәскеудің қазіргі әрекетінің мақсаты – Донецк және Луганск халық республикаларын қорғау, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау, Ресейге төніп тұрған әскери қауіпті жою. НАТО елдерінің Украинаға ықпал етуі РФ-ға қауіп төндіруде деген пікірде Захарова. 

"Операцияның түпкі мақсаты Украинаны басып алу, оның мемлекеттілігін жою, қазіргі билікті құлату да емес", – деді Ресей СІМ өкілі. 

Сондай-ақ ол Ресейдің Украинадағы әскери әрекеті жоспарға сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу