Украинаның құрамында 1 мыңнан бастап 3 мыңға дейін шетел азаматтары соғыс қимылдарына қатысуда

479

Қазіргі уақытта Украина атынан әскери қимылдарға 1 мыңнан 3 мыңға дейін шетелдік жалдамалылар қатысады. 

Украинаның құрамында 1 мыңнан бастап 3 мыңға дейін шетел азаматтары соғыс қимылдарына қатысуда Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz. Материал авторлары талдаушылардың мәліметтеріне сүйенгенін айтып, әскер саны туралы ақпарат шамамен көрсетілгенін түсіндіреді.

Шетелдік содырлар өлтірілген немесе ұсталған жағдайда батыс әлемінің назарына бірден ілінеді. Яғни Украина билігі мен ерікті елдердің үкіметтеріне көптеген ыңғайсыз құқықтық, моральдық және саяси сауалдар туындай бастайды. Алайда кейбір жалдамалы сарбаздар Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу үшін, тіпті, өз елдерінің заңдарын бұзуға дейін барған.

Өткен жылдың көктемінде украиналық шенеуніктер 50-ден астам елден 20 мың шетелдік жалдамалылар туралы хабарлады.

Сонымен қатар, олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігінен олар үшін соғысты жүргізуден гөрі, ұрыс алаңынан фотосуреттер жариялау маңыздырақ екені байқалады. Өз елінде қылмыстық қудалаудан қашуға тырысқандар да болды. Кейбіреулер үшін Украинадағы қақтығыс өз дайындықтарын сынап көруге мүмкіндік берді.

Дегенмен кейбір елдер жалдамалы әскерилердің құқығы соғыс амалдарына қатысушы елдердің сарбаздарымен бірдей емес екенін жиі ұмытады. Себебі, жалдамалы сарбаз - қарулы қақтығысқа идеологиялық, ұлттық, саяси себептерден емес және әскери міндетіне сәйкес емес, жеке басының пайдасы үшін кіретін адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу