Украинаның Волын облысындағы Луцк қаласында қолында қаруы бар ер адам 20 шақты адамды кепілген алды. Қаскөй оларды "Берестечко-Красиловка" рейсіндегі автобуста қамап ұстап отыр. Бұл туралы облыстық полицияның өкілдері мәлім етті.
Қазір осы облыста "Заложник" деп аталатын жедел жоспар іске асырылуда.
Интерфакс-Украина басылымының дерегінше, жолаушыларды кепілге алып ұстап отырған адамда қарудан бөлек жарылғыш зат бар. Автобус тұрған қаланың орталық аумағы қоршалған.
Қазір тәртіп сақшылары қаскөймен келіссөздер жүргізуге тырысып жатыр. Оның аты-жөні белгісіз, полицейлер анықтауда.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. Қаскөйдің неліктен мұндай қадамға барғаны да белгісіз. Бірақ кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, кепілге адам қандай бір нақты шарт қоймаған, тек жалпылама сөздерді қолданып, жүйеге деген наразылығын білдірген екен.
Табиғат Нұрболат
Фото: interfax.com.ua