Украинаның Марганец қаласына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болды

483

10 адам жарақат алды.

Украинаның Марганец қаласына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болды

Ресей әскерінің Украинаның Днепропетровск облысындағы Марганец қаласына жасаған зымыран-артиллериялық шабуылынан 12 адам қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Марганец қаласы мэриясының хатшысы Анатолий Деркач шаһардың таңертең бомбаланғанын мәлім етті.

"Ресей әскерінің зымыран-артиллериялық шабуылдары салдарынан 12 адам ажал құшып, тағы 10-нан астамы жарақат алды", – деді ол.

Деркач зымыранның тұрғын үйге ұшырылғанын айтты.

Ол бұған дейін де Ресей әскері бұл қалаға шабуылдағанын, Марганец Ресей бомбалаған алғашқы қалалардың бірі екенін атап өтті.

Қалаға ұшырылған зымыранның жарылысынан мектеп ғимараты, тұрғын үйлер, арт-хаус және қалалық инфрақұрылымның бірнеше нысаны қирап қалған.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу