Украинаның нақты ЖІӨ көлемі 2022 жылдың төртінші тоқсанында 31,4%-ға төмендеген

944

2022 жылдың IV тоқсанында Украинаның нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,4%-ды құрады. 

Украинаның нақты ЖІӨ көлемі 2022 жылдың төртінші тоқсанында 31,4%-ға төмендеген Фото: minfin.com.ua

Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік статистика қызметі өзінің ресми сайтында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекетиік статистика қызметі өзінің ресми сайтында 2022 жылдың IV тоқсанындағы ЖІӨ-нің көрсеткішін жариялады. Статистикалық ведомствоның бағалауы бойынша, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда, Украинаның нақты ЖІӨ 2022 жылғы IV тоқсанда 4,7%-ға төмендеген.

Сонымен бірге, Украина Мемстатының пікірінше, Украинаның нақты ЖІӨ 2022 жылдың III тоқсанында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға төмендеді.

Бұған дейін Украинаның вице-премьері және экономика министрі Юлия Свириденко хабарлағандай, 2023 жылдың ақпанында Украинаның ЖІӨ 26%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу