Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіретіні жарияланды

1052

10 Маусымда Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен сөйлескен еді.

Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіретіні жарияланды Фото: reuters.com

НАТО Украина мен Грузия елдерінің альянсқа қандай жағдайда кіре алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігінінің дерегіне сілтеме жасап.

Агенттікке сұхбат берген дипломаттың айтуынша, Солтүстік Атлантикалық одақтағы кез келген бір елге жасалған шабуыл оның барлық мүшелеріне шабуыл жасалғанмен пара-пар. Сондықтан ұйымға кіру үшін Киев пен Тбилиси Ресеймен арадағы барлық аумақтық шиеленістерді шешуі керек. Егер Украина мен Грузия бұл талапты орындамаса, НАТО мен Мәскеу арасында әскери қақтығыс басталып кету қаупі бар. Яғни оның арты дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін. 

НАТО қос елдің одаққа кіру жолы 14 маусымда Брюссельде өтетін саммитте талқыланбайтынын жариялады.  

10 Маусымда Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен сөйлескен еді. Зеленский Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысын "Ресей Федерациясының тарапынан төніп тұрған қауіп" туралы хабардар еткенін мәлімдеді.

"НАТО саммитінде Ресей Федерациясының агрессиясын тежеуге бағытталған қадамдар қарастырылады деп үміттенемін", – деді Украина басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу