Украинаның НАТО-ға кіретіні айқын – Блинкен

194

НАТО-ға кіру үшін Украина бірқатар қажетті реформалар жүргізуде. 

Украинаның НАТО-ға кіретіні айқын – Блинкен Фото: РИА новости

Украинаның НАТО-ға кіруі айқын дүние және Киев одаққа кіру жолында, деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"Шілде саммитінде біз Украинаның НАТО-ға мүше болу жолы нәтижелі болатынын айттық. НАТО-да алғаш рет Украинаның мүшелігін қолдауға арналған қолбасшылық құрылды…Украина Еуропалық Одақ пен НАТО-ға барар жолда", - деді Блинкен, оның сөздері Америка Құрама Штаттары Үкіметінің ресми сайтында жарияланған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы НАТО-ға кіру үшін Украина бірқатар қажетті реформалар жүргізіп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, инвестициялауды жеңілдетуге арналған $350 млн сомасына "әскери тәуекелдерді қайта сақтандыру тетігі" құрылды.

11 қыркүйекте Блинкен мен Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Лэмми Украинаға келді. Блинкен Киевтегі баспасөз мәслихатында АҚШ Украинаға энергия жүйесін қалпына келтіруге, гуманитарлық қолдау мен минадан тазартуға 700 миллион доллардан астам қосымша қаржылық көмек бөлетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу