Украинаның ұлттық валютасы құнсызданып кетті

1576

Украинаның ұлттық валютасы құнсызданып кетті

Украинада доллар мен еуроның бағасы көтеріліп, ұлттық гривна құнсыздана бастады, деп хабарлайды 24kz.

Сарапшылар мұның бірнеше себебін атады. Алдымен, ұлттық ақшаның әлсіреуіне сыртқы сауда балансының теріс сальдосы 5 млдр АҚШ долларынан асып кеткені әсер етіп, мемлекеттің сыртқы қарызы да кесірін тигізген.

Қыс басталғалы Украинаның төл қаржысы әлсірей бастады. Қазір доллардың гривнаға шаққандағы бағамы 29 гривнаға жетіп, айырбастау орталықтарында еуро 35 гривнаға дейін өскен. Сарапшылар мұндай көрсеткішке екі фактордың тікелей ықпал етіп отырғанын айтады. Алдымен Украинаға тасымалданатын шетелдік тауарлардың импорты 27 пайызға дейін шарықтады. Мұны сауда балансының теріс сальдосы деп атайды. Екіншіден, Украина – экономикасы халықаралық қаржы қорынан түсіп тұратын көмек ақшаға зәру ел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу