Украинаның үш зымыраны Кахов су электр станциясын атқылады

698

Ресей тарапы зымырандар айтарлықтай зақым келтірмегенін айтады. Станция жұмысы бірқалыпты жүріп жатыр.     

Украинаның үш зымыраны Кахов су электр станциясын атқылады Фото: BBC

Украин әскерлері Жаңа Каховка бойынша HIMARS және "Ольха" кешендерінен 19 зымыран ұшырды, олардың үшеуі Каховская ГЭС-ке түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

"Киев режимі Жаңа Каховканың азаматтық инфрақұрылымын бомбалауды жалғастыруда. Сағат 11:20-да Украина HIMARS пен "Ольха" жүйелерінің 19 зымыранынын ұшырды, олардың біразына әуе қорғанысы тойтарыс бере алды. Өкінішке орай, үш зымыран ГЭС-ке тиді, құрбандар туралы ақпарат нақтылануда", - деді Херсон облысының Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі РИА Новостиге.

Қалалық әкімшіліктің басшысы Владимир Леонтьевтің айтуынша, зымырандар ауыз толтырып айтарлықтай зақым келтірмеген. Станция жұмысын жалғастыруда.

Билік Украина тарапы күнде аталмыш елді мекенді, жалпы станция аумағын бомбалайтынын атап өтті. Леонтьевтің айтуынша, күніне 120 зымыран ұшырылады, оқиға орнында ресейлік әуе қорғанысы жүйелері жұмыс істейді.

Ресей сонымен бірге БҰҰ-ға мыңдаған адамдардың өліміне әкелетін гидроэлектростанция бөгетінің бұзылуына жол бермеу туралы үндеу таратты. Өз кезегінде, әскери операция аймағындағы әскерлер тобының қолбасшысы Сергей Суровикин Ресей әскери күштерінің Киевтің Каховская ГЭС бөгетіне жаппай зымыран соққы беру туралы мәліметтері бар екенін айтты.

Станция орналасқан аймақты су басып кетпес үшін, Кахов су қоймасында артық су әдейі төгіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу