Украинаның ЖІӨ 30%-ға қысқарады

805

Ресейдің шабуылы кәсіпорындардың жабылуына, экспорттың төмендеуіне әкеліп соқты.

Украинаның ЖІӨ 30%-ға қысқарады

Қақтығыс салдарынан Украинадағы ЖІӨ шамамен 30%-қысқарып, инфляция қарқыны жеделдейді. Елдің Ұлттық Банкі осындай болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы реттеушісінің мәліметінше, бақыланбайтын девальвация мен капиталдың кетуін болдырмау үшін валюта бағамын уақытша белгіленіп, валюта нарығын интервенция арқылы қолдауға арналған шаралар қабылданып, валюталық шектеулер енгізілді.

"Экономикалық белсенділіктің төмендеуі бизнес пен халықтың кірісіне, демек, банктердің несие портфелінің сапасына ұзақ уақыт бойы теріс әсер етеді. Бұл қаржы секторының қызметтеріне деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады", – деп жазылған Ұлттық Банктің мәлімдемесінде.

Ал Дүниежүзілік Банктің болжамына сүйенсек, Украинадағы ЖІӨ 45,1%-ға қысқаруы мүмкін. Өйткені Ресейдің шабуылы кәсіпорындардың жабылуына, экспорттың төмендеуіне және елдің бірақатар аумағындағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкеліп соқты.

Табиғат Нұрболат

Фото: ua.depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу