Украин сәулетшілері мен инженерлері стартап ретінде әлемде баламасы жоқ автономды үй прототипін көпшілік назарына ұсынды. Ол үй электр желісі мен су құбырына қосылмай-ақ, адам өміріне қолайлы жағдай туғыза алады, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл жоба "PassivDom" аталады. Ол 100 пайыз үй жағдайына ыңғайлы керекті инженерлік жүйелермен жабдықталған. Мысалы, электр тогын күн панелдері өндірсе, су ұдайы фильтрден өткізіліп, қайтадан пайдаланылып отырады.
PassivDom-ның қабырғалары өте жұқа. Құрылыс материалы ретінде шірімейтін және тот баспайтын әрі залалды заттар шығармайтын графит, полиуретан пайдаланылады. Яғни, коммунальдық және экологиялық тұрғыда өте тиімді.
Құралмалы, көшпелі және Lego принцпінде конструкцияланады. Бағасы әзірше жабдықталу деңгейнеі қарай 29 900-нан 59 900 долларды құрайды.
"Аталған коттедждің қызмет ету мерзімі кемінде 20 жыл болады" дейді жоба жетекшілері.