ҰҚШҰ әскерлерін медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

512

2023 жылғы 19-21 сәуірде Минскіде ҰҚШҰ – ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының медициналық қызметтері өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

ҰҚШҰ әскерлерін медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды Фото: ҰҚШҰ

Жұмыс кездесуіне қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ескере отырып, ҰҚШҰ әскерлерінде (ұжымдық күштерінде) алғашқы көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін талқылауға және алғашқы көмек көрсету стандарттарын қалыптастыруға ерекше назар аударды, деп жазады inbusiness.kz ҰҚШҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің негізгі әскери-медициналық ұйымдарының мамандарына көмек көрсету үшін медициналық қамтамасыз етудің жекелеген бағыттарын стандарттау, қашықтықтан телемедициналық консультациялар жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

2022 жылы Қазақстан Республикасында өткізілген бірлескен (арнайы) оқу-жаттығулар мен осы жылы ҰҚШҰ Ұжымдық күштерімен жоспарланған бірлескен оқу-жаттығуларды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті", - делінген хабарламада.

Іс-шара қорытындысы бойынша әскери-медициналық қызметтердің басшылары ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерін) медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру және дамыту жолдарын белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу