ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлер Ресейге жіберіле ме?

557

Қорғаныс министрлігі бұл мәселе күн тәртібінде тұрмағанын атап өтті.

ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлер Ресейге жіберіле ме? Фото: baq.kz

Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов осыған қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Мұндай тәуекелдер тұрған жоқ. Себебі мемлекет ұйымға ерікті түрде қатысады. Екіншіден, әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағыты Парламентпен мақұлданады", - деді ол.

Қорғаныс министрінің орынбасары бүгінгі таңда күн тәртібінде мұндай мәселе тұрмағанын атап өтті.

Тілшілер спикерге "Парламент мақұлдаса жіберіле ме?" деп қосымша сұрақ қойды.

"Мақұлдаса жібереміз, әрине. Біз оған жауап бермейміз. Тек қана Қорғаныс министрлігінің сұрақтарына жауап береміз", - деп қысқа қайырды Сұлтан Қамалетдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу