Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9-10 ақпанда ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Сатнислав Засьты қабылдайды", - деп жазылған хабарламада.
Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азиядағы ахуалы, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін үйлестіру мәселесі талқыға салынады.
Сондай-ақ Сатнислав Зась Қазақстанның сыртқы істері және қорғаныс министрлері, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі.
Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.